Әйелдер шағын және орта бизнесте көш бастап тұр – Балаева
Фото: BeWoman Asia 2025 Орталық Азия форумының баспасөз қызметі
Алматыда Be Woman Asia 2025 форумында түрлі салада жетістікке жеткен мамандар бас қосты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әйелдер ел экономикасының қозғаушы күші екенін жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Еліміздегі әйелдер бүгін де экономиканың нағыз қозғаушы күші. Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 48,2 пайызы әйелдердің басшылығында. Ал жеке кәсіпкерлер арасында әйелдердің үлесі 53,4 пайызға жетті», – деді Балаева.
Аида Балаеваның айтуынша, парламенттегі орындардың 30%-ы әйелдер мен жастарға бөлінген. Оған қоса қазіргі уақытта, мемлекет кәсіпкер әйелдерге арналған гранттар мен жеңілдетілген несие беру бағдарламасын ойластырып жатыр. Сонымен қатар, министр еліміздегі ең ірі технопарк Astana Hub-та әр жетінші стартапты әйелдер ашқанын ерекше атап өтті.
«Қазақстанда әйелдер арасындағы сауаттылық деңгейі 99,9%. Елдегі әр бесінші әйелдің жоғары білімі бар. Сонымен қатар, қазақстандық әйелдер технология, ғылым және инженерия саласында да алда келеді. IT және цифрлық экономика саласында 31% әйел еңбек етеді», – деді мәдениет және ақпарат министірі.
Сондай-ақ, Балаеваның пікірінше, еліміздегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарында әйелдердің үлесі басым әрі олардың әлеуметтік жауапкершілігі жоғары.
«Қай жерге қарамасаңыз да әйелдер бизнес жүргізеді, болашақ ұрпақты оқытады, зертхана, керек болса ауыл шаруашылығында да әйелдердің үлесінің зор екенін көреміз. Оған қоса мемлекеттік қызметте де жұмыс істеп, мемлекеттік жобаларды басқарып келеді», – деді министр.
Айта кетейік, Be Woman Asia 2025 – Орталық Азиядағы әйелдер көшбасшылығына арналған ең үлкен форум. Биыл ол 26 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында өтіп жатыр. Форумның басты ұраны – «Ұрпақтар күші». Бағдарламада ашық пікірталастар, шеберлік сабақтары, табысты кәсіпкерлердің әңгімелері мен халықаралық спикерлердің баяндамалары бар.
Қатысушылар арасында әлемге белгілі мотивация беретін жаттықтырушы Брайан Трейси, ресейлік журналист Владимир Познер, ресейлік қоғам қайраткері әрі бизнес-тренер Ирина Хакамада және басқа да танымал сарапшылар бар.
Жаңалықтар
- Димаш Құдайберген жаңа әлемдік концерттік турға шығады
- Президент елді «Айыппұлстан» деп атайтын депутаттарды сынады
- Қордай ауданында «Lexus» пен «Tank 500» көлігі соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты
- Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау – конституциялық міндет
- Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға болатын қаражат жаңа формуламен есептеледі
- Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты
- Мейірман Шекеев: Депутат болу, әл-Фарабидегі апат және Шавкат Pахмонов
- Алматыдағы балалар ауруханасында қызметкер мен науқастың анасы төбелесті: Полиция тергеу бастады
- Алматы вагон пайдалану депосының директоры ұсталып, оған қатысты тергеу басталды
- Қазақстан азаматы Қытайда адам өліміне әкелген төбелестен кейін ұсталды
- Қазақстанның оңтүстігіне әскери дрон құлады
- «Қазмырыш» зауытындағы жарылыс неден болған?
- ҰҚК ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы ұсталды ма?
- Актерлер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтардың тұңғышы қайтыс болды
- Еуропа саясаткерлері мигранттарды Қазақстан мен Өзбекстанға депортациялауды ұсынды
- Иран Израиль әрекетінен кейін АҚШ-пен келіссөзді тоқтатты
- Тоқаев Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесті
- Қазақстанда жылдық инфляция 10,4%-ға жетті
- Павлодар облысында «Газель» жаяу жүргіншілер жолында әйел мен баланы қағып кетті
- Аяғынан айырылды: Астана-Павлодар тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш жолаушы зардап шекті