«Жала жабу» бабымен айыпталған журналистің адвокаты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады
15 қаңтар күні Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғам белсендісі әрі журналист Асқар Ақтілеуге қатысты сот тыңдалымы жалғасты.
Ырғыз ауданындағы гимназия директоры Гүлжайнар Нұрманова журналисті «жала жапты» деп айыптайды. Сотқа мектеп директорының заңды өкілі келді. Өзі онлайн қатысты.
«Өте ауыр тиді маған. Менің Еңбек заңына сүйеніп жасаған әрекетіме жала жапты. Қаншама публикация шығарды. Айналамның бәрі заңсыз әрекет жасаған сияқты көріп, кінәлады. Сол себепті моральді түрде соққы алдым. Абырой-беделім де түсті. Сол кезде жалғыз кінәлі мен болып қалдым. Маған үлкен зияны тиді жабылған жаланың. Ешқандай заң бұзылмады, заң аясында жұмыс істеді. Мөлдір Ғапиз жазбаша түрде «отбасы жағдайыма байланысты» деп рұқсат сұрап келді. Ал бүгін мен оны соттан көріп отырмын» деді мектеп директоры Гүлжайнар Нұрманова.
Сотқа екі тараптың өкілдері де дәлелдеме құжаттар тапсырды. Мектеп директорының заңды өкілі Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының сақталуын тексеруі нәтижелері туралы құжат, актілер, 19 дана скриншот, мектептің ішкі құжаттары, аурухана анықтамасын тапсырса, журналистің адвокаты іске қатысты аудио, видео дәлелдемелер жазылған дискті берді. Сонымен қатар Ырғыз гимназиясының кіші қызметкері Мөлдір Ғапизді куәгер ретінде сотқа қатыстыруды сұрады. Сотта кіші қызметкердің жауабы тыңдалды.
Сотта журналистің қорғаушысы тарсырған аудио, видео дәлелдер қаралды. Мектеп директорының заңды өкілі видеолар рұқсатсыз түсірілгендіктен іске тіркемеуді сұрады.
«Менің қорғауымдағы Ақтілеудің Ырғыз аудандық гимназия директоры Нұрмановаға жала жапты деген деректерді анықтау мәселесін қарап отырмыз. Ол мәселе арызда жазылған, мән-жай көрсетілген. Арызды қарасақ, қорғауымдағы Асқар Ақтілеудің сторисінде Гүлжайнар Нұғманова жалған әрекеттер жасады деген дерек жоқ. Оған қарамастан полиция қызметкерлері 2024 жылдың 8-қаңтары күні сағат 20:46-да Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырады. Қандай да болмасын жалған сөзді дәлелдейтін мәліметтер құқық қорғау органымен анықталған жоқ. Материалдық-құқықтық заңбұзушылық анықталмады. Асқар Ақтілеуов - журналист. Ол ақпаратты жеткілікті біліп, таратып отыр. Сондықтан Асқар Ақтілеудің әрекеттерінен әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуды сұраймыз» деді адвокат Қуанышбек Есенгелдин.
Айта кетейік, бұл оқиға Ырғыз ауданы гимназиясының кіші қызметкері Мөлдір Ғапиз жұмыстан шығарылған кезде басталды. Ол облыс әкімі Асхат Шахаровтың ауданға сапарында іштегі кемшіліктерді тізбектеп, бәрін журналистерге көрсеткен болатын.
Судья Гүлзира Ақмолдина журналистке қатысты сот процесінің ұйғарымы бүгін, 15 қаңтар күні сағат 17:00-де шығарылатынын хабарлап, үзіліс жариялады. Журналистің іске қатысты тұжырымы сол кезде тыңдалатынын айтты.
Жаңалықтар
- «Адвокат» әкімнің аузын айға қаратып кетті
- Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіретіні туралы ақпарат рас па?
- Ақмола облысында бір тәулікте 230 гектардан астам дала өртенді
- Билік теракт деп атады: Мәскеудегі жарылыстан үш адам қаза тапты
- Семейдегі жаппай тексеру түрмеден адам қашқанына қатысты ма?
- АҚШ 50 елдің азаматтарына 20 мың долларға дейін визалық кепілдік енгізеді
- Ағайынды алты егіз мерзімді әскери қызметін бірге өткеріп жүр
- TikTok-тағы алаяқ «ҰҚК майорына» Петропавлда үкім шықты
- Түркияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
- Қазақстан Конституциясы мен домбыра Памир шыңына көтерілді
- «Қарасора – 2026»: Есірткі тасушы «жұмысын бастаған» әйелден 113 түйіншек табылды
- UIM F1H2O әлем чемпионаты: Орталық Азия мемлекеттері президенттері қатысты
- Әлемдік жанжал: ФИФА коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сатпайтын болды
- Президент Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен тұрғындарды құттықтады
- Энергетика министрлігі: КҚК мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты байланыс орнатылды
- Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
- Жамбыл облысында пара алды деген күдікпен полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
- ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатыр
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?