Жалған вакцина төлқұжатын саудалаған чат анықталды
Қазақстандық блогер Александр Цой интернеттен жалған вакциналау төлқұжаттарын сататын чатты анықтады. Оның айтуынша, екпенің жалған төлқұжаттарын сататын чат Telegram мессенджерінде қызмет көрсеткен.
— Өлімнің өзін бизнеске айналдырған. Telegram желісінде қандай былық болып жатқанын қараңыздаршы. Барлығы тұрақты коммерциялық жолға қойылған. Содан кейін вакцина адамдарды өлтіреді деп дабыл қағатын да осы адамдар, – деп жазады ол Facebook парақшасында.
Бұған ІІМ-нің баспасөз қызметі пікір білдірді.
—Қазіргі уақытта бұл факт тексерілу үстінде. Алынған деректерді талдау нәтижелері бойынша алаяқтық схема болуы мүмкін. Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды баға беріледі, – деді ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі ғаламторды бақылау кезінде мамандар мәліметтер базасында ресми тіркелген куәліктер немесе вакцина паспорттарын жасау бойынша жалған ұсыныстарды анықтайтынын атап өтті. Биылғы шілденің басынан бері жалған екпе паспорты мен ПТР анализі ұсынылған 46 жарнама анықталған.
— Осы хабарламаларды талдау кезінде жарнама иелерінің Қазақстан аумағынан тыс жерлерде екендігі белгілі болды. Бұл алаяқтық болуы әбден мүмкін. Сондықтан абай болыңыз. Сақ болмасаңыз алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ ішкі істер органдары жалған ПТР сертификаттарын және вакцина паспорттарын сату фактілерін анықтау бойынша басқа да шаралар қабылдауда. Полицейлер жалған құжаттар беру фактілерін анықтау үшін медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина қабылдау пункттерін тексеруде, – деп хабарлады ІІМ.
Екпе салдыру төлқұжаттарын қолдан жасау қылмыстық жазалауды ғана емес, халық үшін де қауіпті екенін жадыңызда ұстаңыз. Өйткені жалған вакциналанған адам коронавирус жұқтырып қана қоймай, оны жақындарына да таратуы мүмкін.
Бұндай құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 385-бабында «Жалған құжаттарды, мөрлерді, фирмалық бланкілерді, мемлекеттік пошта маркаларын, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе сату» деп көрсетілген. Бұл бапта 2000 АЕК (5,8 млн теңге) дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, яғни 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бостандықты шектеу түріндегі жаза қарастырылған немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру көрсетілген.
Егер осындай жағдай бір жыл ішінде қайта анықталса, сондай-ақ алдын ала келісу арқылы екпе паспорттарын бір топ адамдар жасаған болса, айыппұл 4000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл қазірдің өзінде 11,6 млн теңге. Тәртіп бұзушылар 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы, төрт жылға дейін бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жаза жалған вакцинация паспортын қолданғандарға да қарастырылған. Вакцинацияны біле тұра жалған төлқұжатты қолданған болса 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 467 мың теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 40 күнге қамауға алынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық