Жалған ақшамен жергілікті тұрғындарды алдаған жігіт сотталды
Қызылордада жалған ақша жасаған 35 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
2019 жылдың қазан және 2020 жылдың ақпан айлары аралығында өзінің заңсыз әрекетімен алаяқ қолдан жасалған жалған ақшаны сауда орындарында өткізумен айналысқан. Қауын сататын базарда, әртүрлі азық-түлік дүкендерінде бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттармен сауда жасаған. Әдетте ол өзінің әрекетін кешкі және түнгі уақытта жүргізіп келген.
Бұл жөнінде алаяқтың арбауына түскендердің бірі полиция қызметіне шағым түсірген. Оған күдікті азаматты Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтады.
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен (жалған ақшаны сақтау және бірнеше рет өткізу) кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге келтірілген шығындар мүліктік залал ретінде сотталушыдан өндіріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық