Жақында жекешелендірілетін мұнай зауыттары мен әуежайлардың атауы жарияланды
DALL-E нейро желісі арқылы жасалды
Мемлекет меншігінен 473 активті шығару жоспарланып отыр. Жекешелендіруге ниет білдіргендер аудиттен өтіп, бизнес-жоспар ұсынуға міндетті болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан екі мұнай өңдеу зауытын — Атырау және Павлодар МӨЗ-дерін сатуды жоспарлап отыр. Олар 2028 жылы жекешелендіруге шығарылмақ.
«Қазір Атырау МӨЗ-інің 99 %-ы «ҚазМұнайГазға», Павлодар МӨЗ-інің 100 %-ы сол компанияға тиесілі. Жекешелендіру ашық екі кезеңді конкурс не стратегиялық инвесторға тікелей сату форматы бойынша өтеді деп күтілуде», деп нақтылады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Сатылымға дейін инвесторлар кешенді аудиттен (қаржылық, құқықтық, экологиялық) өтуі, күрделі шығындарды (CAPEX) және рентабельділікті (ROI) көрсететін бизнес-жоспар ұсынуы, сондай-ақ активтерді, инфрақұрылымды және қарыздарды бағалауы тиіс. Бұдан бөлек, зауыттарды бейіндік емес активтерден тазарту жоспарланып отыр.
МӨЗ-дерді сату инвестиция тарту, өндірісті жаңғырту және жаңа нарықтарға шығу үшін қажет. 2024 жылғы қаржылық есепке сәйкес, Атырау МӨЗ-інің табысы 308,6 млрд теңгені, пайдасы 32,1 млрд теңге болған. Павлодар МӨЗ-і 155,9 млрд теңге табыс және 20 млрд теңге пайда көрсеткен. Үкіметтің үлесі Шымкент МӨЗ-індегі сияқты 50 % деңгейінде сақталуы мүмкін. Онда активтердің бір бөлігі Қытайдың CNPC компаниясына тиесілі.
МӨЗ-дерден бөлек, жекешелендіруге Алматы, Орал және Петропавлдағы машина жасау зауыттары, Балқаш ЖЭО, Өскемен және Шардара ГЭС-тері, сондай-ақ Ақтөбе, Шымкент және Орал әуежайлары енгізілді.
Бұған дейін президент футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдетуді тапсырған болатын. Ол басқарудың жаңа моделіне көшіп, спорт шығындарын ретке келтіруді талап етті.
Сондай-ақ Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «Phystech II» АҚ қайтадан сатылымға шығарылатыны хабарланған. Қазір компания мемлекетке тиесілі және 35,5 млрд теңгеге бағаланған.
Қазақстанның ең бай мұнайшылары: олар кімдер және несімен белгілі? 8 мамырда қазақстандық Forbes өз рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Сарапшы Нұрлан Жұмағұлов тізімге енген кәсіпкерлердің қайсысының мұнай саласына қатысы бар екенін нақтылады.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді