Жайық өзені жағасынан жоғалған ер адамның денесі табылды
Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі өзен жағасынан табылды. Тергеуді Орал аймақтық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 қараша күні сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Тергеуді Орал аймақтық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында Петропавлда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылған болатын. 43 жастағы қала тұрғыны шілде айының соңында жоғалып кеткен, оның сүйегі қаладан 10 шақырым жерден табылды. Марқұмның үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы арыз қалалық ішкі істер басқармасы бірінші бөліміне шілденің 31-і күні түскен. Полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер жоғалған азаматты ұзақ іздегенімен, нәтиже болмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық