Жайық өзеніне шетелдік велоспортшы құлап, құтқарылды

cover Сурет pixabay.com сайтынан алынды

Жайық өзенінің мұзында шетелдік велосипедшінінің суға батып бара жатқанын көрген Атыраулық балықшылар, оны өлім аузынан аман алып қалды.

Желтоқсан айының алтысында орын алған оқиға бойынша, мұз үстін велосипедпен жүріп өтпек болған велоспортшы мұздың жарылуы салдарынан суға құлаған. Оны дереу байқаған Атыраулық балықшылар, қолдарындағы арқанмен құтқару жұмыстарын бірден бастап кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті:

«Жайық өзенінің үстімен жүру қауіпті. Себебі өзен мұзы әлі жұқа, ойылып кету қаупі басым», - деп ескертеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар