«Жағдайы ауыр»: Мұхтар Шахановтың келіні мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/aigerim.abzhan
Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңагүл Мұратқызының сөзінше, Мұхтар Шаханов денсаулығына байланысты айтқанын бір сәтте ұмытып қалады.
«Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр. Айтқанын бірер минуттан соң ұмытып қалатын науқас хәлде. Жақында ғана екінші ұлынан айырылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінеді, біреу түсінбейді», — деді ол.
Қазіргі таңда Мұхтар Шаханов қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлде бейхабар.
«Ата бүгінгі қоғамдық-саяси жағдайды толық түсініп, бағалап отыр деп айтуға келмейді. Сондықтан жұртшылықтан түсіністік пен тыныштық беруді сұраймын» деп жазды ол.
Сондай-ақ Жаңагүл Мұратқызы әлеуметтік желіде тараған бір видеоны негізге алып, ақынды қаралау мен ауыр сөздер айтуға ешқандай негіз жоқ екенін атап өтті.
«Ұлтына өлшеусіз еңбек сіңірген, ана тіліне өмірін арнаған адамды бір ғана видео үшін қарғап-сілеу — орынсыз. Мұхтар Шаханов өз ұлтының алдында адал перзенті болып, тарихта қалатын тұлға» деп жазды ол.
Мәлімдеме Шахановтың Конституцияға қатысты бейнежазбасынан кейін жарияланды.
Еске сала кетейік, Қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болғанын жазғанбыз
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық