«Жағдай үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін» - Трамптың жаңа мәлімдемелері
Скриншот: тікелей эфир, Reuters.
АҚШ президенті сопақ кеңсе отырып жаңа мәлімдемелер жасады. Олар Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Дональд Трамптың баспасөз мәслихатындағы жасаған негізгі мәлімдемелері:
• Путин бейбітшілікті қалайды десе сенемін. Путин Украинада қақтығыс бастағысы келмеген. Ол кез-келгеніміз істейтін нәрсені жасады.
• Олар Украинаны бомбалап-ақ қиратады. Шынымды айтсам, мен үшін Украинамен жұмыс істеу қиындап барады. Ал олардың қолында көзір жоқ, картаның бәрі Мәскеудің қолында.
• АҚШ Украинаны әуе қорғанысымен қамтамасыз етпейді, өйткені ол Зеленскийдің пайдалы қазбалар бойынша келісім жасағысы келетінін естігісі келеді. АҚШ-тың әскери қолдауды жалғастырыу оның келіссөздерге дайындығына байланысты.
• Мен өткен аптада және осы аптада Еуропадағы оқиғаларды мұқият бақылап отырдым. Егер біз мұны шеше алмасақ, жағдай үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін. Еуропа қақтығысты қалай тоқтатуға болатынын білмейді.
• Иран не АҚШ-пен ядролық қарусыздану туралы келісімге келуге мәжбүр болады немесе «жақында бірдеңе болады».
«Рубио (Марко Рубио, АҚШ Мемлекеттік хатшысы - ред), мен және Украина делегациясы келесі аптада келіссөздерді жалғастыру, атысты тоқтатуға қол жеткізу және елге бейбітшілік орнату үшін Сауд Арабиясында кездесеміз», - деді Трамппен сопақ кабинетте сөйлеген АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц.
Сәл бұрын Дональд Трамп Ресей мен Украинаны атысты тоқтату туралы келісімге келуге шақырды, сонымен қатар Ресейді банктік санкциялармен қорқытты. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды.
«Ресей қазір Украинаны ұрыс даласында қиратып жатқанын көре отырып, мен Ресейге қарсы кең ауқымды банктік санкциялар, бұғаттау мен тариф енгізу мүмкіндігін мұқият қарастырып жатырмын, олар атысты тоқтату және түпкілікті бітімгершілік келісімге қол жеткізгенге дейін күшінде қалады. Ресей мен Украинаға тым кеш болмай тұрып, қазір келіссөз үстеліне отырыңдар деймін. Рақмет!».
Дональд Трамп жуырда Ақ үйге оралғаннан кейін алғаш рет Конгресте сөз сөйледі. Онда ол «бүкіл әлемде бейбітшілік орнату» жоспарлары туралы айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық