Жәбірленуші танымайтын күдікті: танымал блогердің қылмыстық топқа қандай қатысы бар?
Фото: КМБПЧ
Жәбірленуші күдіктіні танымаса, білмесе, оның үстінен арыз жазып, темір торға қамап тастауға бола ма? Алматы полиция департаменті дәл солай істеп отырғаны туралы баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Халықаралық Адам құқығын қорғау бюросы өткізген баспасөз конферециясында өткен жылдың жазында күдікті мен оның блогер досы, біздің мәліметімізше Әлихан Байзақов Алматыда жекпе-жек шоуына барған. Сол жерде ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері арасында кикілжің туады. Артынша күдіктінің өзі де, оның блогер досы да қамауға алынады. Алайда, көп ұзамай блогер босап кетеді де, Бекмырзаев түрмеде қалады.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың тамызында Айжан Байзақованың інісі ҰҚТ-ты қаржыландырды және оған қатысы бар , сондай-ақ бопсалады деген күдікпен ұсталды.
Қалалық полиция департаменті Байзақовты шақырғанын растады, алайда куәгер ретінде екені анықталды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол босатылды.
Күдіктінің қорғаушысы Санрай Смағұлованың айтуынша, күдікті Бекмырзаевтың үстінен қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалған: «Бопсалау» және «қару жарақты заңсыз сақтау».
Олардың үстінен арыз жазған Бақытжан Мұхамеджан деген азамат күдіктіні мүлдем танымайтын, білмейтін болып шықты.
Ал «заңсыз қару сақтауға» бабына келетін болсақ, адвокаттың айтуынша, қару табылған көліктің иесі Бекмырзаев емес. Қару Шымкентке бару үшін жалданған көліктен табылды.
«Оның саусақ іздері де, ДНК материалдары да бұл қарудан табылмаған. Яғни, полицияның мәліметінше, қару күдіктінікі, бірақ сараптама қорытындысына сәйкес, ол бұл қаруды қолына да ұстамаған», дейді күдіктінің әйелі әрі оның қоғамдық қорғаушысы Жолдасбек Нұрғаным.
Нұрғанымның айтуынша, оның күйеуі тергеу изоляторында жеті айдан бері заңсыз отыр. Бопсалау ісіне қатысы жоқ болса да, заңсыз қару жарақ сақтамаса да, күдікті ретінде қамауда.
Жәбірленушінің өкілі Ақжамал Мамутілекованың айтуынша, күдіктіге қарсы арыз жазуға жәбірленушіні ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мәжбүрлеген. Кейіннен тергеу амалдары басталғанда жәбірленуші аталған күдіктіні танымайтынын, оны мүлдем білмейтінін, оған қарсы ешқандай шағымы жоқ екенін көрсеткен.
Бұл қылмыстық іс бойынша қазіргі таңда төрт күдікті бар. Төрт күдікті де бір-бірін танымайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық