Жақында еркектерге жүкті болуға көмектесетін әлемдегі ең алғашқы жатыр трансплантацияланады
скриншот
Үндістанда Наренда Каушик есімді хирург ер адам болып дүниеге келген транс әйелді жүкті ету мақсатында жатыр трансплантациясына ота жасамақ.
Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады. Трансплантацияға қажетті жатыр өлі донордан немесе репродуктивті ағзалары басқа жолмен алынған науқастардан алынады.
Бұған дейін транс әйелге жатырды трансплатациялау бір рет жасалған. Алайда ота жасалғаннан кейін науқас бірнеше айдан кейін асқынулардан қайтыс болған.
Транс әйелді ұрықтандыру - қиын процесс. Онда ЭКО және кесарь тілігі қолданылады. Себебі, олардың толық жұмыс істейтін қынабы жоқ.
Нью-Делидегі жынысты ауыстыру емханасын басқаратын доктор Нарендра Каушик бұл процедураның сәтті болатынына сенімді.
«Әрбір трансгендер әйел мүмкіндігінше әйелдік болмыста жүруді, ана болуды қалайды. Бұны кез келген басқа трансплантация түрі сияқты жатырды трансплантациялау арқылы жасайды. Болашақта да солай болады. Біз мұның нақты қашан болатынын болжай алмаймыз, бірақ өте жақын арада» дейді хирург.
Дәрігер ота жасайтын адамның аты-жөні мен ота қашан жасалатынын нақтыламады. Жатырды трансплантациялау шамамен 50 000 фунт стерлинг (27 млн теңге) тұрады, ал ЭКО емдеудің бір циклі 5 000 фунт стерлингтен (2 млн теңге) асады.
Медициналық жазбаларда транс әйелді ұрықтандыру процедурасы тарихта бір рет, даниялық транс суретші Лили Эльбеге 1931 жылы ота жасалған. 48 жастағы Лилиге сүйіктсінен бала сүю мақсатында Германияда ота жасалды. Бірақ ол ота жасалғаннан кейін инфекция салдарынан, үш айдан кейін бала көтере алмай, жүрегі тоқтап қайтыс болған. Дәрігерлер оны ер адамның жамбас сүйегі тар және сол себепті бала көтере алмайды деп түсіндірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық