Жақында азық-түлік тапшылығын сезінетін боламыз — Назарбаев
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн-отырысында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО елдері азаматтарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінде бірігуге шақырды.
Назарбаев отырыс барысында азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.
— Азық-түлік туралы сөз қозғасам - қазір барлығы зардап шегуде, бірақ біздің одақ аумағындағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін барлығы бар. Тек соны дұрыс жоспарлап, дұрыс байланыстырып, аумақта бар дүниені өзге елдерге жеткізу керек. Азық-түлік тапшылығын біз жуық арада міндетті түрде сезінеміз, - деді ЖЕЭК құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының отырысы өтті.
Аталған іс-шараға ЖЕЭК Құрметті төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.
Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың басым мәселелерін талқылап, алға қойылған міндеттерді қарастырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық