Жақында «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады
Фото: Pixabay
18 мамырдан бастап «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдана бастайды.
Тұрғын үй бағдарламасына өтінімді онлайн almaty-zhastary.kz сілтемесі арқылы беруге болады.
Жобаға 35 жасқа дейінгі Алматы қаласының тұрғындары қатыса алады. Өтінімдер Алматыдағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардың келесі санаттарынан қабылданады:
- дәрігерлер мен медбикелер;
- педагогтер мен тәрбиешілер;
- әртістер, жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері;
- жаттықтырушылар мен спортшылар;
- жоғары оқу орындары мен ғылыми институттардың оқытушылары және ғылыми қызметкерлер;
- әлеуметтік сала қызметкерлері;
- өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ (мемлекеттік және коммерциялық) қызметкерлері;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Конкурсқа қатысу шарттары
«Алматы жастары» қатысушыларының ресми жұмыс өтілі соңғы алты айдан кем болмауы тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәдениет саласының өкілдері үшін Алматы қаласында кемінде бір жыл мерзімге тіркелген жұмыс істеп тұрған ДК (ИП) болуы қажет.
Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылардың отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда ешқандай мүлік болмауы керек.
Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй саясаты басқармасы үміткерлер тізімін, олар берген құжаттардың дұрыстығын тексеріп, жиналған балдарға сәйкес қатысушыларды іріктейді. Балға некедегі жылдар саны, балалардың болуы, санаты бойынша үздіксіз жұмыс өтілі, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы әсер етеді.
Ипотекалар пулы құрылған кезде оның барлық қатысушылары Отбасы банкіне жолдама алады. Онда төлем қабілеттілігін бағалаудан өту қажет. Тұрғын үй іздеуге банк қарыз беру туралы оң шешім қабылданған күннен бастап 45 күнтізбелік күн береді. Пәтерді Алматының бастапқы немесе қайталама нарығынан, сондай-ақ қаланың салынып жатқан нысандарынан «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен сатып алуға болады.
Отбасы банк тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңге мөлшеріндегі қарыздың ең жоғары сомасын береді. Егер жылжымайтын мүлік бағасы 18 млн теңгеден асатын болса, онда айырмашылығын өз қаражатынан төлеуге болады. Бастапқы жарна - 10%.
Айта кетсек, «Алматы жастары» бағдарламасы бес жыл бұрын басталған. 2017 жылдан бері 32 млрд теңге сомасына 2 260 қала тұрғыны тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 18 млрд теңге, оның ішінде қалалық бюджеттен 15 млрд теңге және Отбасы банкі тарапынан 3 млрд теңге бөлінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық