Жаңатаста мерт болған бес баланың жақындары үндеу тастады
Жаңатаста оқыс оқиғадан көз жұмған бес бүлдіршіннің жақындары халыққа үндеу тастады. Олар мәселені ұшықтырмауды сұрады. Сонымен қатар, ешкімге кінә тақпайтындықтарын мәлімдеді.
Қоғамда осы мәселе талқыланған сайын ол ата-аналарына ауыр тиіп отыр. Қазаны қайта-қайта айтып, естеріне салған сайын бес перзенттің ата- анасына ауыр соққы болып отыр. Осылай деп қайғы жұтқан отбасы КТК телеарнасы арқылы бүкіл елге үндеу тастады.
Төрт күннен бері отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Әкімдікті кінәлап шаршаған олар кейбіреулер осы қайғыны арам пиғылдарына пайдаланып, жалған ақпарат тарата бастағанына ренішті. Осыған байланысты бес баланың туыстары халыққа үндеу жариялады.
Саидмұхаммед Әбдумәліков, марқұм балалардың туысы:
- Әлеуметтік желідегі анау-мынау деп, сан-саққа жүгіртіп, қитұрқы іс жасап жатқандарға да айтарым: тоқтатыңдар, осымен қоя қойыңдар. Біз соның бәрін естіген сайын жүрегіміз сыздап жатыр. Бізге берген көмектеріңіз сол болсын...
Өрттің себебі - балалар ойнап сіріңкемен от жаққан. Содан болып тұр ғой. Басқа – электр тоқ, газ, буржуйка деп, біреулер шығып жатыр. Оның бәрі өтірік. Бұдан былай ешкім бізді мазаламағаны, жағдайға түсінікпен қарағаны дұрыс. Бұл біздің бірінші әрі соңғы мәлімдемеміз болса, деген ойын білдірді.
Қазіргі таңда қайғыдан қабырғалары қайысқан отбасы психологтардың жіті бақылауында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық