Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты
Жаңаөзендік жедел жәрдем қызметкерлерінің бір бөлігі наразылық білдіріп, жұмысқа шығудан бас тартқан. Қалада 120 мыңға жуық тұрғын бар, медициналық қызметкерлердің екі бригадасы ғана жұмыс істеп жатыр.
Lada.kz ақпаратына сәйкес, фельдшерлер мен медқызметкерлер жалақының 300-400 мың теңгеге өсіруін талап етуде. Олан бөлек олар төмендегідей талаптарын айтқан:
- қалалық әкімдіктің басқаруында жұмыс істеп, басшыларды өзіміз таңдауға мүмкіндік берілсін;
- мереке қарсаңында ақшалай сыйлық тағайындасын;
- шипажайлар мен балалар лагеріне жолдама қарастыратын әлеуметтік пакет құрылсын.
Наразылық білдірушілердің айтуынша, олардың талаптарын әлі ешкім орындамаған. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметкерлерінің бір бөлігі 24 ақпаннан бері жұмысқа шықпаған.
Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлерінің талаптарына Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Ведомствада Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен айына 145 мың теңге, фельдшерлер 174 мың теңге, санитарлар 97 мың теңге алатынын айтты. Олардың талаптарын орындап, айлықты 400 мың теңгеге көтеру мүмкін еместігін жеткізді.
«Жұмыс беруші мемлекеттік мерекелер қарсаңында, атап айтқанда Наурыз, Тәуелсіздік күніне, сонымен қатар медицинилық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай 1 ЕТЖ (60 мың теңге) сыйақы тағайындау туралы талапты қанағаттандырды. Сондай-ақ, жұмыс беруші жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысына сараланған қосымша ақы белгілеуді ұсынды. Дәрігерлерге, фельдшерлерге және жүргізушілерге үстемақы 40 мың теңгені, санитарларға — 20 мың теңгені, басқа қызметкерлерге — 30 мың теңге болады. Басқа аудандар мен Ақтау қаласының Жедел жәрдем қызметкерлері бұл шешімге қанағаттанды. Жаңаөзен қызметкерлері келіспей, жалақыларын 300 000 — 400 000 теңгеге көтеруді талап етті» деп пікір білдірді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, Жаңаөзенде жедел жәрдем шақыруларына қалалық емханалардың мобильді бригадалары жұмылдырылған. Ведомствода дәрігерлердің ереуілі заңсыз деп аталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық