Жаңаөзенде жұмысшы тірідей өртеніп кетті
Фото: ашық дереккөзден
Жұмысшылары жалақының аздығына бірнеше рет шағымданып, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен «Кезби» ЖШС-нің 43 жастағы жүк тиегіш жүргізушісі қайтыс болды.
«14.06.23-50 Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласы, «ӨзенМұнайГаз» АҚ НГДУ-2 №49 топтық қондырғы аумағында № 9180 ұңғымасы жанған кезде АПРС-40 көтергіш қондырғысы өртенді. 15.06 күні сағат 00-51-де өрт сөндірілді. Өрт болған жерден жанып кеткен мәйіт табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда» деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Марқұм 1979 жылы туған, Бейнеу ауылының тумасы. «Кезби» ЖШС-де жүк тиегіш машинисі болып жұмыс істеген. Жаңаөзен тұрғыны өз парақшасында қайғылы оқиға орнынан видео жариялады.
«Еңбек қауіпсіздігі сақталмайды, техниканың бәрі ескі, осымен Астанаға бардық, бірақ билік бізді тыңдамады. Соңында бәрі адам өлімімен аяқталды» деп жазды Нұрымұлы Нұрсұлтан.
«Кезби» ЖШС жұмысшылары былтыр және биыл көктемде бірнеше рет ереуілге шыққан. Компания басшылығы оларды сотқа беріп, ереуіл жарамсыз деп танылды.
Кейін «Кезби» ЖШС жұмысшыларының талаптарын орындағанын хабарлағанымен, 150-ге жуық адам ереуілдерін жалғастырды. Сондай-ақ, компания ереуілге шыққандардың орташа жалақысы 674 мың теңге екені туралы ақпарат таратты. Бұған ашуланған жұмысшылар бұл ақпаратты жоққа шығаруды талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық