Жаңаөзен мұнайшылары жоғары жалақы туралы ақпаратпен келіспейді
Сурет: «Азаттық» радиосы
«Кезби» серіктестігінің ереуілге шыққан жұмысшылары компания басшылығының жалақының жоғары екендігі туралы мәлімдемесіне наразы.
Үш аптадан астам уақыт ереуілге шыққан мұнайшылардың айтуынша, 672,5 мың теңге жалақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. «Кезби» ЖШС жұмысшылары компания басшылығына жарияланған жалақыны түсіндіруді талап етіп, өтініш білдірді.
Компания қызметкерлері басшылықтың жоғары жалақы туралы мәлімдемесіне ашуланған. Олар ереуілшілер мұндай жалақы алмайды деген уәж айтады.
Бұған дейін «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Айгүл Өтешева БАҚ өкілдеріне кәсіпорын жұмысшылары орташа есеппен 672,5 мың теңге жалақы алатынын айтқан болатын.
Сәуірдің 19-ынан бері Жаңаөзендегі «Кезби» ЖШС жұмысшыларының ереуілі жалғасуда. Кәсіпорын қызметкерлері жалақыны көбейтіп, жұмыс көлемін азайтуды талап етуде. Олардың талаптарын жеткізу үшін жұмысшылардың өкілдері Қазақстан астанасына билікпен кездесуге барды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық