Жаңа оқу жылы: студенттерге арналған ережелер
Биылғы жаңа оқу жылында оқушылармен қоса студенттер де дәстүрлі оқу форматында білім алуға көшірілді. Дегенмен оларға бірқатар қатаң талаптар қойылып отыр.
Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары ғана емес, колледж бен университет студенттері де дәстүрлі форматта оқитын болды. Алайда оқу орнына келіп білім алу үшін бірқатар санитарлық талаптарды орындау қажет. Ал 18 жастан асқан студенттер міндетті түрде екпе алуы тиіс.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, колледждер мен жоғары оқу орындарын дәстүрлі форматқа ауыстыру үшін оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшылары толығымен вакцина алуы қажет.
Санитарлық талаптарға сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналаса алады. Ал екпе салдырмаған жастар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.
— Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс, - деді Цой.
Бұдан бөлек, асханаларда, аудиториялар мен мәжіліс залдарында сақтық шаралары сақталуы шарт:
- асханада отыратын адамдардың арасында кем дегенде екі метр арақашықтықты сақтау;
- корпус бөлмелері, аудиториялар, спорттық және мәжіліс залдарын 40-50 процентке ғана толтыру;
- зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар, сондай-ақ, жатақхана бөлмелерінің сыйымдылығын 50 проценттен асырмау.
Министрліктің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев студенттердің вакцина алғанына қарамастан бептерде киюге міндетті екенін де ескертті.
Мониторингтік топтардың колледж пен университет аймағында тексеру жасап жүреді. Олар оқу орындарына, асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, санитарлық талаптарды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық