Жаңа министр балаларын Қазақстанда оқытуға ақшасы жетпей, Кипр мектебіне берген
Бүгін үкімет отырысына жаңадан құрылған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмысқа кірісіп, ант қабылдады.
Осыдан кейін ол журналистер алдына шығып, өзіне және ғылым саласына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Жаңа министр Кипрде білім алып жатқан балалары жақын арада келетінін айтты.
— 26 маусымда олар елге қайтады. Сенбесеңіздер фотоесеп ұсынамын. Ол жаққа жіберуге 3 себеп болды. Біріншіден, әйелім мен балаларымның денсаулығы. Екіншіден, елімізде жекеменшік мектепте оқытуға ақшам жетпеді, сөйтіп, ұлыбританиялық жүйемен білім алды, — дейді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, ол өзіне қатысты алып-қашпа сөздерге де жауап берді.
— Мен мұсылманмын. Салафизм болсын, басқасы болсын, еш жат діни ағымға қатысым жоқ. Менің атам молда, имам болған кісі. Сондықтан кішентайымнан дінге жақын болдым. Бекболат Тілеуханмен түскен фотода тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын, — дейді министр.
Ол Бекболат Тілеуханды ел ағасы ретінде әрі өнері үшін құрметтейтінін айтты. Осыдан кейін ол жаңа минситрліктегі әкімшілік жұмыстар әлі бітпегенін де мәлім етті.
— Министрлік қағаз жүзінде құрылды. Менде әзірге кабинет те, кресло да, қарамағымда істейтін адам да жоқ. Менде ғылым саласын дамытуға қатысты идея көп. Сол бастамаларды, пікірлерді жүзеге асыруға мүмкіндік берілді, сондықтан қолым қышып отыр, — деді Саясат Нұрбек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық