Жаңа экологиялық апат: Шымкенттіктер кәріз иісінен уланып жатыр
Шымкент тұрғындары белгісіз иістен уланып жатқанын хабарлады. Олардың бастары айналып, лоқсып жатыр.
Анықталғандай улы иіс қала сыртындағы индустриялды аймақтан келіп жатқан кәріз жүйесінен шығып жатыр. Бұл туралы Orda.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Апатты жағдайға шағым үш күн бұрын түскен. Ауадағы зиянды қалдықтардың көлемі 10 есеге артқан. Қазір аймақта экологтар жұмыс істеп жатыр, бірақ жағдай әлі де жөнделмеген.
Жаңа экологиялық апат салдарынан балалар қашықтан оқуға көшті. Себебі, №37 мектептің екі мұғалімі мен үш бірдей оқушысы өздерін нашар сезініп, оларды жедел жәрдем алып кеткен.
– СЭС зертханасының талдауы дайын болмайынша, толық онлайнға көшуге мәжбүрміз, - деді №37 мектептің директоры Гаухар Байбосынова.
Шымкентте мектеп пен бірге халыққа қызмет көрсету орталығы да істемейді, ал жағдайға алаңдап отырған ата-аналар балаларын алыс шалғайдағы туыстарының үйіне апаруға мәжбүр.
Бастапқыда мамандар жағымсыз иіс газ құбырынан шығып жатыр деген болжам жасаған, бірақ кейін оның қала сыртындағы индустриялық аймақтан келіп жатқан кәріз жүйесінен шығып жатқаны белгілі болды.
Шымкенттің сыртындағы индустриялық аймақта 50-ден астам кәсіпорын бар. Сондай-ақ, онда шойын жолы өтеді.
Қазіргі таңда экологтар шойын жолындағы цистерналардың бірінен немесе белгісіз кәсіпорын кәріз жүйесіне мұнай қалдығын төккен дейді. Себебі, кәріз жүйесіндегі су тым майлы болып тұр.
– Зертхана сынамаларының нәтижесі 0,3 көрсетуі керек, ал бізде көрсеткіш 14,6 болып тұр. Зияндығы 10 есе артқан, - деді Шымкент қаласы экология департаментінің бас маманы Мұхамеджан Тойшыбеков.
Химиялық қоспа кәріз жүйесін тазалайтын қондырғыны істен шығарса, нағыз экологиялық апат орын алуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық