Жүргізуші куәлігін үйге жеткізіп беретін қызметтің барын білесіз бе?
Жамбыл облысында тұрғындар енді жүргізіші куәліктерін үйде отырып-ақ ала-алады, деп хабарлайды ORDA.kz.
Бұл жайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«Электрондық үкімет Порталында өтінім беру арқылы жүргізуші куәліктерін үйіне дейін жеткізу сервисі іске қосылды. Егер азаматтар бөлімдерге келе алмайтын жағдайда «Сіздің жеке менеджеріңіз» бизнес жобасын қолдануларына болады», - деді спикер.
Сондай-ақ, брифинг барысында ол мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелеріне толық тоқталып өтті.
«Жалпы мемлекеттік тізімге сәйкес, қызметтердің саны 698-і құрап, оның 674-і Мемлекеттік корпорация арқылы, 649-ы «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет көрсетеді. Облысымызда бұл қызметтерді көрсетуге 16 фронт-офис қатысады. 2020 жылы Жамбыл облысы бойынша 821644 қызмет, оның ішінде, 2434-і қызмет электронды негізде көрсетілді», - деп айтты баяндамашы.
Бұл қызметті алу барысында қандай да сұрақ туындаса 1414 номеріне хабарласа аласыз. Сұрақтар бойынша биылғы жылы операторлар 850 774 қоңырау қабылдап, кеңестер берсе, 510 054 адамды бейне-ассистенттер қабылдаған. 221 826 азамат «Азаматтардың мобильдік базасына» тіркелген.
Сондай-ақ, ЕҚБА, яғни 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек балалар, ҰОС ардагерлері және 70 жастан жоғары азаматтарға «Help desk» бағдарламасы жасалған. Бағдарлама мақсаты, тұтынушылардың жағдайын ескере отырып, бар мүмкіндікті пайдаланып, жүргізуші куәлігін немесе басқа да құжаттарын үйлеріне жеткізіп беру. Ағымдағы жылдың 11 айында 2 160 рет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, 2676 қызмет көрсетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық