Жұмыстан қайтарда оққа ұшқан дәнекерлеуші Бектұрғановтың қазасы
Ұлдарымен кәуап дайындап жатқан Акимжан Бектұрғанов. Фото: отбасы мұрағатынан
5 қаңтарда Алматы қаласында 37 жастағы дәнекерлеуші Акимжан Бектұрғанов жұмыстан қайтарда белгісіз жағдайда оққа ұшқан. Жары жесір, үш ұлы әкесіз қалған отбасы қазір қара жамылып отыр.
Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасы Акимжан Бектұрғанов кезінде Алматыда тұрған. Тұрмыс қысқандықтан отбасымен Түлкібасқа қайтқан. Ара-тұра тапсырыспен Алматыға келіп жұмыс істеген.
Буын ауруымен ауыратын әйелі Шапағат Қадырова үшінші топ мүгедегі. Редакция тілшісі марқұмның отбасына хабарласып, жолдасымен тілдесті. Туыстарының айтуынша, жаңа жылдан кейін дәнекерлеу жұмысымен тапсырыс алып, Алматыға оралған.
– Тұрмысымыз нашарлап, өмір сүру қиындаған соң Түлкібасқа қайтқан едік. Әріптестерімен 3-4 күндік жұмысқа тапсырыс алған. Жұмысқа шақыртқан соң 4 қаңтарда жұмысқа кеткен. Содан кейін қайтпақ еді. Келесі күні жұмысқа барып, кешкісін қайтар жолда оққа ұшқан. Қаңтардың 5-інен бастап телефоны өшірулі тұрды. Барлық таныс-тауыстарымызбен іздей бастадық. Тек он күннен кейін, 15 қаңтарда Байтұрсынов-Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан мәйітханадан хабарласты. Кінәлілер жазалансын! – дейді марқұмның әйелі.
Атылған оқ сол жақ арқасының желке тұсына тиіп, иегін тесіп шыққан. «Мәйітханаға жеткізгендердің сөзінше, снайпер қасындағы әскери адамды, кейін оған еңкейіп көмектесіп-сүйеп жатқан күйеуімді атқан» дейді. Денесінен алынған оққа қарағанда марқұм ұрыс қаруынан қаза тапқан. Мәйітхана мамандары туыстарына оқиға орнында тіл тартпай кеткенін жеткізген. Кімнің қандай көлікпен әкелгені белгісіз.
Полиция кейбір адамдар сараптама құжаттарын баспасөз-желі беттерінде жарияланғанын алға тартып, марқұмның жолдасына сот-медицина сараптамасының қорытындысын беруден бас тартқан. Шапағат оған келіспейді, қорытындымен таныстыруды сұрап өтініш түсірген.
Жалғызбасты анаға айналған Шапағат балажан, қарапайым, ыдыс-аяқ сылдырласа да жұрттың күйеулеріне ұқсап қол көтермейтін, көбіне үндемей қоятын, айналасына жомарт еді деп еске алады. Жолдасын саяси митинг-шерулерге қатысып көрмегенін, бейбіт адам болғанын айтады. Отауласқанына 11 жыл болған ерлі-зайыптының ортақ үш ұлы бар: тұңғышы он жаста, ортаншысы алтыда, кенжесі үште. 33 жасында үш баласымен жесір қалған Шапағат әлеуметтік қолдау қажетсінеді.
Қадырованы Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеушісі шақыртып, жәбірленуші ретінде сұрақ-жауап алған.
Жыл басындағы оқиғаларға байланысты 5-7 қаңтар күндері дүрбелеңде бейбіт азаматтардың әскер қолынан жазықсыз қаза тапқаны жайлы куәгерлер көп мәлімдеме жасап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық