Жұлдыз Ақболаттың 500 мың тұратын курсын сатып алған адамдар оған шағым түсірді
Скриншот
Алматыда блогерлердің қымбат курсын сатып алып, оған шағымданып жатқан адамдардың саны көбейді.
Алматы телеарнасының хабарлауынша, аяқталмаған курстардың ақшасын қайтарғысы келетін 20 адам компанияның кеңсесіне басып кірген.
«Бұл Pro-land компаниясы. Офлайн сабағы 500 мың теңге тұрады. Сабақ негізі 70 күн өтуі керек болатын. Бірақ 2 айға толмай, тоқтап қалды. Сабақ неге тоқтап қалғанын ешкім түсіндірген жоқ. Ары қарай не болады? Біз ақшаны қайтаруды сұрадық. Бірақ олар хабарласпады, жауап бермеді. Полиция шақырып, арыз жазуға мәжбүр болдық» деді қала тұрғыны Ғазиза Байдәулет.
Pro-land кеңсесінің алдына жиналғандардың айтуынша, олардың арасында басқа да блогерлерден зардап шеккендер де бар. Олар курста алынған ақпаратқа көңілдері толмайтынын алға тартты.
«Жұлдыз Ақболат ханымның курсын алып отырмыз, тегін вебинар деді. Жарайды дедік. Ақыры ақша табу үшін жүрген адам болғандықтан. Біз сияқты қаншама адам жылап отыр» дейді қала тұрғыны Зарина Мәдібекова.
Компанияның заңгері шағымданушы тараптың арызы орынсыз екеніне сенімді. Оның айтуынша, білім алуға бекінген азаматтар тапсырманы толық орындамай жүрген.
«Ол нишаларына сай келмейді. Табыс тапқан жоқпыз деп шағым айтып жатыр. Өз тарапынан ол кісілер тапсырмаларды орындау керек болған. Компанияның атынан және Жұлдыз ханымның атынан барлық шарт орындалды. Сабақтың бәрі сайтта тұр. Сегіз модульдан тұрады» дейді заңгер Салтанат Диханбаева.
Полицейдер бұл факт бойынша тексеру жүргізген. Бірақ бұл азаматтық іс болғандықтан ешкім ұсталмаған. Тәртіп сақшылары зардап шеккендерді сотқа жүгінуге кеңес берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық