Зерттеу институты: Тәжікстан тәліптерден «Ансорулло жамағатын» құртуды сұраған
Фото: Ашық дереккөзден
Швейцариядағы зерттеу институты Тәжікстан үкіметі мен "Талибан" ұйымы арасында жүріп жатқан құпия келіссөз жайында мәлімет жариялады, деп хабарлайды Orda.kz порталы Azattyk-қа сілтеме жасай отырып.
Бірінші кездесу былтыр 8 қарашада болған. Сол күні «Талибанның» Рахматулло Наджиб бастаған делегациясы Тәжікстанға құпия түрде келіп, келіссөз жүргізіп кеткен.
Тәжікстан тарабы бұл кездесуде «Ансорулло» мүшелерін Душанбеге экстрадициялауды сұраған. Алайда «Талибан» екі тарапқа кездесу ұйымдастырып береміз деген пікірге тоқтаған.
8 қаңтарда Озоди радиосының дереккөзі Тәжікстан үкіметі мен «Талибан» ұйымы арасында келіссөз болғанын растады.
«Ансорулло» ұйымын Тәжікстан азаматы Әміреддин Табаров құрған. Ол оппозициялық күштің бұрынғы командирі. Ол 1997 жылы азаматтық соғыс кезінде бейбіт келісімге келуден бас тартқан және Ауғанстанға кеткен. 8 жыл бұрын оның қайтыс болғаны хабарланды.
Осыған дейін Тәжікстан билігі бұл ұйымда кемінде 200-300 адам болуы мүмкін деп мәлімдеген.
SIGA мәліметінше, «Ансорулло» ұйымы Тәжікстанда ислам мемлекет құруды, Ресей әскерін тәжік аумағынан алып кетуді ұсынады. Сонымен бірге түрмелерден «Ансорулло» мүшелерін босатып, ислам медреселерін құруды талап етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық