«Өзенмұнайгаз» мұнайшыларға жалақы төлеуге уәде берді
Компания жұмысшылар бастан кешіп жатқан электр қуатының тапшылығы шын мәнінде айтарлықтай емес екенін айтты.
Компания кен орнын электрмен қамту мәселесіне қатысты жағдайға түсініктеме берді. «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымалар жұмысының тоқтап қалуы болмағанын, электр қуатының тапшылығы 7-ден 80 МВт екенін хабарлады.
«36 бөлімшенің 8-і тоқтады, 28 бірлік жұмыс істеп тұр. Ұңғымаларда электре жүйесі өшірілген жоқ. Барлығы қалыпты жұмыс істеп жатыр» делінген компания хабарламасында.
Мұнайшыларды алаңдатқан жалақы мәселесі де бөлек қозғалды. Компания тиісті қаржының барлығы төленетініне сендірді.
«Электр қуатының апатты сөндірілуі мұнай өндіруге кері әсерін тигізетіні сөзсіз, бірақ соған қарамастан жыл басынан бері «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің еңбекақысы толығымен төленді, жұмыс орындары сақталды. Алдағы уақытта осындай қиындықтарға қарамастан қызметкерлердің жалақысын уақтылы және толық көлемде төлеу жоспарланып, бұл бағытта тиісті шаралар қабылдануда» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін мұнайшылар «Өзенмұнайгаз» жұмысын тоқтатқанын хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, бұған электр қуатының жетіспеушілігі себеп болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық