Зеленский жол апатына ұшырады
Украина президенті Владимир Зеленский болған көлік Киевте жол апатына ұшырады.
Жолаушылар көлігі, Украина президентінің көлігі мен жолсерік көлігі соқтығысты. Дәрігерлер Зеленскийді тексерді, ауыр жарақаттар табылмады.
«Орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде мемлекет басшысының көлігі мен жолсерік көлігі соқтығысты» деп хабарлады Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров 15 қыркүйекке қараған түні.
Президент дәрігерге қаралды, ауыр жарақаттар анықталмады.
«Украина басшысымен бірге келген дәрігерлер көлік жүргізушісіне жедел көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды» деп қосты президенттің баспасөз хатшысы. Никифоровтың айтуынша, полиция оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.
Осыдан бірнеше сағат бұрын Зеленский Харьков облысындағы азат етілген Изюм қаласына барды. Қала үстіне Украина туын көтеру рәсіміне президент пен қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр, сонымен қатар бірнеше күн бұрын қаланы азат еткен Украина Қарулы күштері мен басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық