Зеленский жемқорлық дауына қатысты Украина президенті кеңсесінің басшысын отставкаға жіберді
Фото: Instagram.com (@yermak_andrii)
Владимир Зеленский тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz президент кеңсесіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Андрей Ермак отставкаға кету туралы өтініш жазған еді.
Украина басшысы әріптесіне атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, құрылым алдағы уақытта «толық қайта қаралатынын» мәлімдеді.
«Мен ешкімде Украинаға қатысты сұрақтар туындамағанын қалаймын. Сондықтан бүгін мынадай ішкі шешімдер қабылданды. Бірінші. Украина президенті кеңсесі қайта жасақталады. Кеңсе басшысы Андрей Ермак отставкаға кету туралы өтініш жазды», — деді ол халыққа үндеуінде.
Жаңа кеңсе басшысының кандидатурасы осы сенбіде талқыланбақ.
Ермак тінту рәсімдері өткеннен бірнеше сағаттан кейін өзінің кететіні туралы арыз жазды. 28 қараша таңертең Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро (НАБУ) мен Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура (САП) қызметкерлері оның пәтеріне және үкіметтік кварталда орналасқан кеңсесіне тінту жүргізген.
Елдегі энергетика және қорғаныс саласындағы атышулы жемқорлық дауы аясында Ермактың қызметтен босатылуы бұған дейін де көп талқыланған еді.
Андрей Ермак Украина президенті кеңсесін 2020 жылғы ақпанда басқаруға кірісті. Жұмыс істеген жылдары ол биліктегі ең ықпалды тұлғалардың біріне айналды — оны жиі «вице-президент» және «сұр кардинал» деп атайтын, деп жазады BBC. Бұл, әсіресе, маңызды мемлекеттік лауазымдарға оған адал адамдардың жиі тағайындалуымен байқалатын.
Президенттің көмекшісі болған кезінде-ақ Ермак іс жүзінде бүкіл сыртқы саяси бағытты өз қолына алған. Дәл сол Ермак биылғы ақпанда Зеленскийдің Трамппен жеке кездесуін ұйымдастыруға қол жеткізген. Еске салайық, сопақ кабинеттегі кездесу келіспеушілікке ұласып, екіжақты қатынастарға қауіп төндіре жаздаған.
Соғыс басталғанға дейін Ермак Мәскеумен негізгі келіссөз жүргізуші болды. Ол 2019 жылғы тұтқындар алмасуын қадағалап, 2019 жылдың желтоқсанында Парижде өткен «Норманд төрттігі» саммитін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды. Сол кезде Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің жалғыз мәрте жеке кездесуі өткен еді.
Сондай ақ, мамырда Украина астанасында «тілек білдірушілер коалициясы» аясында бірқатар халықаралық кездесулер өтті. Киев вокзалында Эммануэль Макрон, Кира Стармер, Фридрих Мерц және Дональд Тускты ПБ басшысы Андрей Ермак пен сыртқы істер министрі Андрей Сибига қарсы алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық