Зеленский УҚК басшысы Залужныйды ауыстыру туралы ойланып жатқанын растады
Фото: Gleb Garanich / Reuters
АҚШ-тың Киевтен Залужныйдың отставкаға кететіні туралы хабарлама алғанын 2 ақпанда WP және Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Зеленский итальяндық RAI-ге берген сұхбатында алғаш рет бас қолбасшыны ауыстыру туралы ойлап жүргенін растады.
Украина президенті Владимир Зеленский елдің бүкіл әкімшілік аппаратына кадрлық жаңарту қажеттігін мәлімдеді, сонымен қатар Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйды ауыстыру туралы ойланып отырғанын растады.
Бұл туралы ол итальяндық RAI телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Қайта жүктеу және жаңа бастау қажет. Бұл бір адамға ғана емес, әскери саладағы ғана емес, бір топ басшыларға қатысты. Мен бұл ауыстыру (Залужный) туралы ойлап жүрмін, бұл рас» деді Зеленский.
Алдағы басшылықтағы өзгерістер туралы айта отырып, мемлекет басшысы Киевке «бір бағытта жылжып», «қайта іске қосылуы» және «жеңіске сенімді болуы» керектігін атап өтті.
Сол сұхбатында Зеленский қару-жарақ жеткізудің кешігуіне байланысты майдандағы «тоқырауға» назар аударды. «Жердегі жағдайға келсек, тоқырау бар, өйткені қару-жарақ жеткізуде кешігулер болды, бұл қателіктерге әкеп соқтырады», - деді мемлекет басшысы.
Залужныйдың жұмыстан босатылғаны туралы хабарламалар Украинаның телеграм-арналарында 29 қаңтарда пайда бола бастады. Сол күні кешке Интерфакс-Украина мен Censor.net ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, жоспарланған отставка туралы жазды, бірақ Қорғаныс министрлігі мен президент кеңсесі Украина бас қолбасшының қызметінен босатылғанын жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық