Зеленский Ресеймен мүмкін болатын бейбіт келісім туралы айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келісім екі құжаттан тұруы мүмкін деген пікір білдірді: Украинаның қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы, деп хабарлайды РБК.
«Ресеймен бітім шарты екі құжаттан тұруы мүмкін. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты болуы керек» деп келтіреді Strana.ua Зеленскийдің сөзін.
Ресей барлығы осы мәселелерді қамтитын бір құжатта болғанын қалайды, деді Зеленский.
«Алайда бәрі Ресейдің келісімге келеріне сенімсіздік білдіруде. Олар үшін Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру бір мәселе, ал Ресеймен келісім жасау басқа мәселе» деді Украина президенті.
Сонымен қатар Зеленский Мариупольде украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.
Еске салайық, 24 ақпанда Украинадағы әскери операция басталғаннан кейін Ресей мен Украина делегациялары келіссөздердің бірнеше раундтарын өткізіп, соңғы бетпе-бет кездесу 29 наурызда Ыстамбұлда өткен болатын. Онда Киев Мәскеуге жағдайды реттеу бойынша жазбаша ұсыныстар берді, кездесуден кейін ресейлік тарап Киев және Чернигов бағыттарында әскери белсенділікті азайтты.
Бұған дейін Владимир Зеленский Bild басылымына берген сұхбатында Киевтің Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отырудан басқа амалы жоқ екенін , өйткені соғысты тек ол ғана тоқтата алатынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық