Зеленский Путиннің келіссөз туралы мәлімдемесіне жауап берді
Украина АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысты аяқтау жөніндегі күш-жігерін қолдайды. Сондықтан Украина Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен жоғары деңгейдегі кездесу өткізуге тағы да дайын екенін растайды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі X парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Мәскеу бейбітшілікке дайын екенін дәлелдеп, техникалық кездесулер мен нәтижесіз мәлімдемелерден мазмұнды әңгімеге көшуі керек.
«Біз Ресейден мәлімдемелер естіп отырмыз. Егер бұл соғысты абыроймен аяқтап, шын мәнінде ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға деген шынайы дайындықтың белгісі болса, жай ғана уақыт ұтып, санкцияларды кейінге шегеру амалы емес болса, онда Украина мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесуге кез келген уақытта дайын екенін тағы да растайды» деп жазды Зеленский.
Ол Киевте Ресейде барлық шешімді кім қабылдайтынын жақсы білетінін және сондықтан келіссөздерді нақты деңгейге көтеру қажет екенін айтты.
«Біз Ресейде шешімді кім қабылдайтынын және бұл соғысты кім тоқтата алатынын жақсы білеміз. Бұл — бүкіл әлемге белгілі. Украина құры сөз бен техникалық деңгейдегі кездесулерден көшбасшылар арасындағы нақты әңгімеге көшуге шақырады. Бұл ұсынысты Америка да айтты. Украина қолдады. Енді Ресейдің дайын болғаны қажет», — деді Зеленский.
Осылайша, Украина президенті Владимир Путиннің Мәскеу мен Киев арасындағы бейбіт келіссөздер жөніндегі жаңа мәлімдемесіне жауап берді.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен кездесуде Украинадағы «бейбітшілікті» қолдайтынын және соғысты тоқтату шарттарын атаған болатын. Ол Украина 2024 жылдың маусымында Кремль ұсынған барлық талаптарды орындауы керек екенін мәлімдеді.
Атап айтқанда:
- Қырым, Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын (олардың әкімшілік шекарасында) Ресейге беру;
- Украина армиясы мен қару-жарағын қысқарту;
- Халықаралық әскери блоктарға қосылмауға және ядролық мәртебені қайтармауға міндеттеме алу;
- Елде «денацификация» жүргізу.
Сондай-ақ, Путин Киев «әзірге байланыс орнататын уақыт емес» деп санаса, онда Ресей «күте алатынын» айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық