Зеленский мен Рим Папасы бейбітшілік формуласы туралы cөйлесті
president.gov.ua
Украина президенті Рим Папасынан бейбітшілік формуласын жасауға және украин балаларын елге қайтаруға көмектесуді сұрады.
Владимир Зеленский Италияға ресми сапармен барып, Ватиканда Рим Папасымен кездесті, деп хабарлады Украина президентінің баспасөз қызметі. Келіссөздердің негізгі бөлігі соғысқа арналды, Зеленский украиндық бейбітшілік формуласын ұсынды.
«Әділ бейбітшілікке қол жеткізудің нақты және анық алгоритмі Украинаның бейбітшілік формуласында көрсетілген. Соғыс Украина аумағында болғандықтан, бейбітшілік жоспары тек украиндық болады», - деді Владимир Зеленский.
Ол Рим Папасы Францисктен формуланы жүзеге асыруға көмектесуін өтінді. Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтқындарды, жер аударылғандарды босату және әділеттілікті қалпына келтіру мәселелері бойынша. Владимир Зеленский Рим Папасы Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясын анық айыптауға шақырып, құрбандар мен агрессор арасында теңдік болуы мүмкін еместігін баса айтты.
Украина балаларын ұрлап, Ресейге депортациялау туралы бөлек тақырып қозғалды. Зеленский Ватиканнан балаларды үйлеріне қайтаруға көмектесуін сұрады. Ол сондай-ақ Рим Папасын солдаттар мен ел тұрғындарын қолдау үшін дұға жасауға Украинаға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық