Зеленский мен Путиннің кездесуі Астанада өтуі мүмкін
Фото: BBC
Астана қаласы Ресей, АҚШ және Украина президенттерінің кездесуіне дайын, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан парламенті мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Айдос Сарым RTVI-ге берген сұхбатында Астананың Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуға арналған келіссөздер алаңына айналуға әзір екенін айтты.
«Бұл жағдай Қазақстан үшін жұрт айтып жүргендей нағыз «топ» оқиға болар еді. Қан төгуді тоқтату... Бұл, бәлкім, президенттің дипломатиялық мәнсабындағы үлкен шыңдардың бірі болуы мүмкін. Былайша айтқанда, Астанада барлық негізгі ойыншыларды жинап, осы процестің бір бөлігіне айналу ғой. Біз Ресей мен Украинаны бірдей жақсы түсінеміз. Көп жағдайда тілге келгенде аудармашылардың қажеті жоқ. Қазақтар ресейліктер мен украиндардың жан дүниесі мен саяси дүниетанымын басқаларға қарағанда жақсырақ түсіне алады деп ойлаймын», – деді Сарым.
Сарым Қазақстанды екі елді де жақсы түсінетін мемлекет ретінде сипаттап, дәл осы себептен Астана келіссөздер үшін қолайлы орын екенін атап өтті.
«Біздің интеграциялық бірлестіктеріміз – ұзаққа созылады және шын мәнінде маңызды. Өйткені, олардың айналасында және ішінде нақты бенефициарлар бар. Ол біздің азаматтарымыз. Олар осы арқылы отбасыларын асырайды, салық төлейді. Егер осы негізге дұрыс саяси мәдениетті қоса алсақ, жасырын араздық пен қулық-сұмдықты жоя алсақ, жалпы дұрыс қатынастар орнатсақ, бұл барлық қатысушыларға пайда әкеледі», – деді депутат.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласында жұмыс сапарымен жүр. Президент ол жақта БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық