Зеленский: біз жалғыз қалдық, бәрі қорқады...
The New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ Германияға жауынгерлік машықтағы 7 мың әскерін жібереді.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский мемлекетін қорғауда Украина жалғыз қалғанын мәлімдеген болатын.
— Біз өз мемлекетімізді қорғауда жалғыз қалдық. Бізбен бір сапта күресуге кім дайын? Шынымды айтсам, мен қолдау көріп тұрған жоқпын (...). Барлығы қорқады, - деді Зеленский Украинаға «тек сөзбен ғана» көмектесіп жатқан әрбір мемлекетке алғысын білдіре отырып.
Пентагон өкілі Джон Ф.Кирбидің айтуынша, әскер жіберудегі мақсат НАТО одақтастарының көңіліне демеу болу.
АҚШ шенеуніктері Ресей НАТО аумағына басып кіретін болса, АҚШ әрекет етуден тартынбайтынын жеткізді. Осындай мәлімдеме Байден бейсенбі күні Еуропаға қосымша әскер жіберу жоспарын жариялағаннан кейін көп ұзамай шықты.
Кеше НАТО отырысында бас хатшы Йенс Столтенберг Украина қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтындарын мойындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық