Зеленский Байденмен және Илон Маскпен не туралы сөйлесті?
5 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Байден және Илан Маскпен сөйлесті.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Джо Байденмен және SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Украина басшысы өзінің Twitter-де хабарлады.
Зеленский Ақ үй басшысымен әңгіме барысында қауіпсіздік, Украинаны қаржылық қолдау және Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыру мәселелерін талқылағанын айтты.
Украина президенті де Илон Маскпен сөйлескенін мәлімдеді.
«Мен Илон Маскпен сөйлестім. Оған Украинаны сөзімен де, ісімен де қолдағаны үшін алғыс айтамын. Келесі аптада қираған қалалар үшін Starlink жүйесінің тағы бір партиясын аламыз» деді Зеленский.
Ол сондай-ақ, ықтимал ғарыштық жобаларды талқылағанын да жеткізді.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский халыққа жаңа үндеу жариялап, онда НАТО-ның Украина аспанын жабудан бас тартуы туралы сын өткір айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық