Зеленский қандай жағдайда Ресеймен келіссөздерден бас тартатынын айтты
Украина президенті Киевтегі метро стансаларының бірінде шетелдік журналистер үшін баспасөз мәслихатын өткізді.
Украина президенті Владимир Зеленский егер ресейліктер уақытша басып алған аумақтарда «жалған референдум» өткізіп, Мариупольде украиналықтарды өлтірсе, Украина Ресеймен келіссөздерден шығатынын айтты, деп хабарлайды «Украинская правда».
— Егер Мариупольде халқымыз жойылса, басып алынған аумақтарда жалған референдум өткізілсе, Украина кез келген келіссөздерден бас тартады, - деді Украина президенті шетелдік журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, 23 сәуір Мариупольді қорғаудағы ең қиын күндердің бірі. Ол ресейлік әскерилер теңізден, құрлықтан, танктерден, артиллериядан, ұшақтардан оқ жаудыратынын айтты.
Украина президенті сондай-ақ 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен болжам бойынша қорғаныс министрі Ллойд Остиннің Киевке келетінін айтты.
— Менің ойымша, бұл үлкен құпия емес, бірақ ертең бізге Америка Құрама Штаттарынан адамдар келетін-келмейтінін білмеймін, мен Қорғаныс министрі және Мемлекеттік хатшы Блинкен мырзамен кездесу өткіземін, - деді Зеленский.
Ол қару-жарақ жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілетінін хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық