Зейнеткер өз қызын сотқа беріп, алиментін бет күтіміне жұмсамақ болған
Фото: Pexels
Балқаш қаласының тұрғыны өз қызының үстінен сотқа арыхбен жүгініп, ай сайын өз күтіміне 10 АЕК көлемінде алимент төлеуді талап етті. Алайда сот оның талабын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Зейнеткер күнделікті тұрмысқа және дәрі-дәрмек сатып алуға қаражат қажет екенін айтып, қызының материалдық көмек көрсетпейтінін алға тартқан.
Қазақстанның «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес, кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз әрі көмекке мұқтаж ата-аналарын асырауға міндетті.
Алайда сот талқылауы барысында талап қоюшының ай сайын 128 229 теңге көлемінде зейнетақы алатыны анықталды. Бұдан бөлек, оның екі қабатты тұрғын үйі мен Mitsubishi Montero Sport автокөлігі бар болып шықты.
Қызы әкесінің талабымен келіспейтінін айтып, жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, балалардың әкесі алимент төлемейді, ал өзі сатушының көмекшісі болып жұмыс істеп, айына 85 мың теңге жалақы алады.
Сондай-ақ әйел әкесінің материалдық көмекке мұқтаж емес екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, зейнеткер коттеджде жалғыз тұрады, көлігі бар, тұрақты зейнетақы алады, ал дәрігерлер оған тек дәрумендер тағайындаған.
Сот талап қоюшының көмекке мұқтаж азаматтар санатына жатпайтынын атап өтті. Іс материалдарына сәйкес, зейнеткер үздіксіз күтімді қажет ететінін немесе емделуге тұрақты әрі қомақты шығын жұмсайтынын дәлелдей алмаған. Сонымен қатар оған ұлының материалдық көмек көрсететіні белгілі болған.
Сот зейнетақы мөлшерінің ең төменгі жалақыдан жоғары екенін және тараптар арасында бұрыннан келе жатқан келіспеушіліктер бар екенін де ескерді. Судьяның пікірінше, талап арыздың берілуіне осы жанжалдардың да әсері болуы мүмкін.
Нәтижесінде сот қызынан алимент өндіру туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты. Шешім заңды күшіне енген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық