Зейнеткер немерелеріне алимент төлеуге міндеттелді
Сурет ашық дереккөзден
Петропавл соты атасын алимент төлемейтін ұлының орнына зейнетақысынан немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратура 2021 жылғы 1 маусымдағы сот қаулысымен Қ.Т.Е. пайдасына Қ.А.Х.-дан кәмелетке толмаған балалары үшін ай сайынғы жалақының және өзге де кірістің 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндіруге шешім щығарған. Алайда борышкер өз міндеттемелерін орындамай, 3,7 млн теңге қарыз жиналған.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына сәйкес, көмекті қажет ететін кәмелетке толмаған немерелері, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасынан, кәмелетке толған еңбекке қабілетті туғандарынан алимент алу мүмкін болмаса, балалар бұл үшін қажетті қаражаты бар ата-әжесінен сот арқылы алимент алуға құқылы» деп түсіндірді прокуратура.
Балалардың анасы борышкердің әкесінен немерелерін асырауға арналған алимент төлемдерін өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Петропавл қаласының № 2 сотының ұйғарымымен талап арыз қанағаттандырылып, оның негізінде атқару өндірісі қозғалды.
«Атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) көлемінде алимент өндіріледі» деп атап өтті облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қадағалау органының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында 101 төленбеген алимент бар. Олар бойынша жалпы қарыз 184,3 млн теңгеге жеткен.
Облыс бойынша барлығы 10 479 кәмелетке толмаған бала алимент алушы болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс прокуратурасының тұрақты бақылауына алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық