Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды
Фото: Orda.kz
Қазақстандықтар енді пластикалық ота жасату үшін зейнетақы жинағынан ақша ала алмайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz дерегіне сүйенсек, желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде пластикалық ота үшін БЖЗҚ қаражатын қолдануға қатысты 2 мыңнан аса өтініш түскен. Бұл – қалыпты деңгейден 100 еседен көп. «Отбасы банк» БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пластикалық хирургияға пайдалану өтініштерін қабылдауды тоқтатты. Бұған дейін стоматология мен көз ауруларын емдеуге рұқсат шектелген соң, платформасында өтініш саны күрт артқан.
Банк мәліметіне сәйкес:
• бұрын айына 16-дай өтініш түсетін;
• стоматология бағыты жабылған соң:
— қыркүйекте – 123,
— қазанда – 1 844,
— қарашада – 3 878 өтініш тіркелді;
• көз емдеуге шектеу қойылғаннан кейін, желтоқсанның алғашқы 8 күнінде – 2 093 өтініш келіп түсті. Бұл – әдеттегі көрсеткіштен 130 есе жоғары.
Желтоқсанда түсіп үлгерген өтініштердің жалпы құны 1,8 млрд теңге болды. Банк БЖЗҚ қаражатының мақсатсыз әрі делдалдар арқылы заңсыз жолмен пайдаланылу қаупі күшейгенін айтып, 12 желтоқсаннан бастап өтініш қабылдауды толық тоқтатты. Қазір қаралып жатқан 6 294 өтініш бұрынғы тәртіппен өңделеді.
Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша:
«Біз үшін зейнетақы жинақтарының нақты қажет емге жұмсалуы маңызды. Бұл қаражаттың оңды-солды пайдаланып, делдалдардың заңсыз табыс көзіне айналуына жол бере алмаймыз».
Соңғы уақытта зейнетақы жинақтары пластикалық ота деген желеумен рәсімделіп, шын мәнінде бұл қызметті делдалдар алыпсатарлық табысқа айналдыра бастағаны белгілі болған.
Қазір қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы шектеулі қаражатты тек:
– сирек кездесетін және қымбат емдерге (орфандық аурулар),
– радиойодпен емдеуге,
– радиохирургияға,
– протон терапиясына,
– тұрғын үй жағдайын жақсартуға,
– ипотекалық төлемдерге пайдалана алады.
БЖЗҚ қаражатын емге шығару бойынша күрт өсім стоматологиялық өтініштер тоқтатылғаннан кейін басталды. Сол кезде банк мұны көптеген жалған құжаттармен байланыстырған еді. Кейін көз емдеуге арналған өтініштер де шамадан тыс өсіп, желтоқсан басында бұл бағыт та жабылды. Себеп ретінде тағы да күмәнді өтініштердің анықталуы көрсетілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық