Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану бойынша маңызды шешім әзірленіп жатыр
Фото: Freepik.com
Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын индустрия және құрылыс министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланады.
Атап айтқанда, БЖЗҚ жинақтарын мына мақсаттарға қолдануға рұқсат беру ұсынылып отыр:
- тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеуге;
- ай сайынғы төлемді азайтуға;
- несие мерзімін қысқартуға рұқсат беріледі.
Салық кодексіндегі жаңа өзгерістерге сай, енді Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алатын зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығын төлемейді. Яғни, зейнетақы қорынан ақша алған кезде, мемлекет ол қаражаттан салық ұстамайды.
Министрлік мәліметінше, өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету.
Айта кетейік, Қазақстанда 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй көмегіне 1,5 млрд теңге бөлінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық