Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану ережелері өзгереді
Қазақстанда БЖЗҚ жинақтарын тұрғын үйге пайдалану ережелеріне өзгерістер енуі мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланып, ұсынылды.
Бұйрық жобасында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін келесі мақсаттарда пайдалануға болатындығы көрсетілген:
— тұрғын үйді сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша (ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей) тұрғын үйді меншікке сатып алуға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысу;
— бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды және (немесе) тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды және (немесе) тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарнаны енгізу;
— қаражат жинақтау, алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй сатып алу (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу), жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымдарға аудару;
— ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу; тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген тұрғын үйді жекешелендіру, төлеу мерзімін ұзарта отырып сатып алу-сату, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара немесе толық өтеу;
— оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын тарта отырып, сондай-ақ осындай ипотекалық тұрғын үй қарызын немесе қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу үшін жеке тұрғын үй салу (меншігінде нысаналы мақсаты бар жер учаскесі болған кезде – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);
— ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей, кейіннен тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіні бере отырып, сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша жер учаскесін меншікке сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);
— жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен тіркеген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде қарыздар алу және бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы кепілдік берген салынып жатқан объектіде тұрғын үй сатып алуға осындай қарыздар бойынша міндеттемелерді төлеу үшін тұрғын үйдің (пәтердің) құнын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы осы қағидаларда көзделген мақсаттарға жеткіліксіз болса меншікті қаражатын пайдалануға жол беріледі.
Осы қағидалардың 5-тармағының 1), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген мақсаттар бойынша алушыға өз қаражатымен есеп айырысқаннан кейін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға жол ашылады. Біржолғы зейнетақы төлемдері осы қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген мақсаттар бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу нәтижесінде пайдаланылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы 10 (он) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дағы шотқа қайтарылуы тиіс. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты алушының (өтініш берушінің) жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы емес үшінші тұлғаға берілмейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық