Өзбекстандағы президент сайлауында Мирзиеевтің жеңіске жеткені рас па? – ОСК жауабы
Өзбекстанда президент сайлауы бес жылда бір рет өтеді. 2016 жылы 4 желтоқсанда Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп, сол кездегі премьер-министр қызметін атқарған Мирзиеев жеңді.
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы жексенбіде өткен президенттік сайлауда елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиеевтің 90 пайыз дауыс жинағандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Бұған дейін Euronews телеарнасы жексенбі күні өткен президент сайлауы кезінде, алдын ала нәтижелер бойынша Мирзиеев 90 пайыз дауыс жинап, қайта сайланғанын хабарлаған.
– Өзбекстанда өткен президенттік сайлаудың алдын ала нәтижелері белгілі болды деген ақпарат таралуда. Біз бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, - деді ОСК өкілі Жалолиддин Усманов.
ОСК мәліметтері бойынша, сайлау учаскелері жабылған кезде сайлаушылардың белсенділігі 80,8 пайызды құрады, 16,037 миллион адам дауыс берген.
Еске салайық, елді 1989 жылдан бері басқарған президент Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында инсульттан қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық