Өзбекстандағы президент сайлауы қазан айына ауыстырылды
Өзбекстанда президент сайлауы желтоқсанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісінен қазанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісіне ауыстырылды. Бұл күн осы жылдың 24 қазанына сәйкес келеді. Тиісті құжат «Халық сөзі» газеті сайтында жарияланды.
«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 117-бабының екінші бөлігіндегі «желтоқсан» сөзі «қазан» сөзімен ауыстырылсын», - делінген заң мәтінінде.
Заңға енгізілген өзгерістерге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды. Құжат жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
2021 жылға жоспарланған сайлау бүкіл ел тәуелсіздігі тарихындағы алтыншы президенттік сайлау болады. Өзбекстандағы мемлекет басшысы бес жылда бір сайланады.
Президент болып сайлауға ең аз дегенде отыз бес жасар, мемлекеттік тілді жетік білетін, Өзбекстанның аумағында сайлауға дейін кемінде 10 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Бір адам қатарынан екі мерзімнен президент бола алмайды.
Соңғы кезектен тыс президент сайлауы 2016 жылы өтті. Содан кейін жеңісті премьер-министр болып қызмет еткен Шавкат Мирзиёев алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық