Өзбекстанда президент сайлауы басталды
Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Шавкат Мирзиеевті қосқанда бес үміткер бар.
Қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев қайта сайлануға ниетті. Оның командасы елге ауқымды инвестиция тартып, шағын және орта бизнесті дамытып, экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, әлеуметтік саланы жаңарта білді.
Өзбекстан тарихында тұңғыш рет президенттік сайлауда кандидат өкілдері арасында дебат өтті.
Бұл науқанның басты ерекшелігі - екінші орынды кім алатындығында. Өткен президенттік сайлауда ол коммунистердің мұрагері болған Халықтық-демократиялық партиясының өкіліне бұйырды. Парламенттік сайлауда Жириновский партиясының өзбек аналогы, еркін нарық қағидаттарын және ұлттық құндылықтардың басымдығын қорғайтын «Миллий тикланиш» партиясы UzLiDep-тен кейінгі екінші нәтиже көрсетті. Бақылаушылардың айтуынша, МТ кандидаты Әлішер Қадыров еңбек мигранттарына салық салу туралы идеяны ұсынғаннан кейін рейтингі төмендеген. ХДП-ның артықшылығы әйел адамның ұсынылуында. Президенттік сайлауда партия атынан – парламенттің төменгі палата депутаты Мақсуд Варисова қатысуда.
Президенттік сайлауға кандидаты алғаш рет қатысып отырған Экологиялық партия өкілінің сөзі пікірсайыстың сенсациясы ретінде аталды. «Жаңа солшыл» ХДП – «Адолат» социал-демократиялық партиясымен қарқынды қарсыласуда.
Өзбекстан президенті 5 жыл мерзімге сайланады. Бұл 35 жастан кем емес, мемлекеттік тілді жетік білетін, елде сайлауға дейін кемінде 10 жыл тұрақты тұратын республика азаматы болуы тиіс. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық президент бола алмайды.
ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын дүйсенбі, 25 қазанда жариялайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық