Өзбекстанда коронавирустың британдық штамы тіркелді
Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары мәлімдеді. Мутацияға ұшыраған вирус 23 қаңтар күні Дубайға отбасымен бірге барып, демалып қайтқан ташкенттік 11 жасар қыздан анықталған.
Еліне қайтып келе жатып, әуежайда экспресс-тест тапсырғанда осындай жайт анықталған. Дереу жедел-жәрдем шақыртылып, қыз бала жұқпалы ауруханаға жеткізіліп, зерттеу жүргізілген. Дәрігерлердің мәліметінше науқастың жағдайы бірқалыпты. Қазір ауруханада емделіп жатыр. Бір айтарлығы оның жанұясының басқа мүшелерінен жаңа штамм анықталмаған.
Worldometer халықаралық статистикалық бюросының мәліметтері бойынша, Өзбекстанда осы уақытқа дейін коронавирустың 78 672 жағдайы тіркелді, 621 адам қайтыс болды, 77 146 науқас сауығып кетті. Жақында Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожа коронавирустың «британдық» штаммы Түркияның 17 қаласында табылғанын айтты.
28 қаңтарда бұл мутация Австрияның Вена қаласынан алынған ағынды сулар сынамаларында табылғандығы туралы хабарланды. Бір күн бұрын коронавирустық инфекцияның «британдық» түрі әлемнің 70 елінде, «оңтүстік африкалық» 31-де анықталғаны белгілі болды.
2020 жылдың желтоқсан айының ортасында Ұлыбритания жаңа SARS-CoV-2 коронавирустық штаммы табылғанын жариялады. Елдегі жаңа және дамып келе жатқан респираторлық вирустық қауіптер бойынша консультативтік кеңес оның тез таралатынын және тұрғындардан сақтықты арттыруды талап еткендігін растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық