Өзбекстанда артық салмақтан арылғындарға ақы төленеді
Фото: Яндекс Дзен
Өзбекстан тұрғындарына салмақ тастап, арықтағандары үшін ақы төленеді. Мұндай шешім «Салауатты өмір салтының жаңа тәртібі» аясында қабылданды.
uza.uz мәліметінше, билік Ферғана тұрғындарына әрбір келі салмақ үшін 500 мың сум (46 доллар) төлейтін болады. Бұл туралы халық депутаттары Ферғана облыстық кеңесі сессиясында облыс әкімі (әкімшілік басшысы) Хайрулло Бозоров мәлім етті.
Бұл шешім «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәртібін» тарату аясында қабылданды. Билік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сілтеме жасап, әлемдегі аурулардың 50-55 пайызы семіздік, дұрыс тамақтанбау және отырықшы өмір салтынан туындайды деп хабарлайды.
Жоба «Ферғана эксперименті» деп аталды. Оған қатысқысы келетіндер тұрғылықты жеріндегі емханаға хабарласып, бағдарламаға тіркеліп, салмағын өлшегені жөн. Алты айдан кейін оларды қайта өлшеуге тура келеді. Бір жылда кемінде бес келіден артық салмақ тастаған азаматтар ақшалай сыйақы алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық