Қарақалпақстандық белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов қамауға алынды
Өңірдегі танымал қоғам белсендісі әрі журналистке билікті басып алмақ болды деген айып тағылып отыр.
Өзбекстанның конституциялық құрылысына қол сұғушылық ісі бойынша 14 адам жауапқа тартылды. Негізінен ұсталғандар автономияны сақтауды жақтайтын қарақалпақ ұлтының өкілдері. Сонымен қатар Makan.uz сайтының негізін қалаушы Лалагүл Қаллыханова да ұсталды. Ол «қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғу» қылмыстық бабымен күдікке ілінген.
— Атап айтқанда, Д.М.Тәжімұратов пен А.Т.Тұрдановқа Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша айып тағылды. Оларға қатысты сот қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Л.О.Қаллыханованың әрекетінен қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыс белгілері анықталды. Ол бұл іске күдікті ретінде тартылып, процессуалдық тәртіпте қамауға алынды, - деп хабарланды Өзбекстан прокуратурасының телеграм-арнасында.
Сонымен бірге, Өзбекстан билігі күдіктілерге зорлық-зомбылықсыз, азаптаусыз, әділеттілікпен қарайтынына уәде беріп отыр.
Еске салайық, Қарақалпақстандағы (Өзбекстан құрамындағы автономиялық республика – ред.) шерулер шілде айының басында басталған болатын. Оған Өзбекстан территориясының 40 пайызын алып жатқан Қарақалпақстанның автономиясы мен егемендігінен бас тартуды көздейтін Өзбекстан Республикасының жаңа Конституция жобасы себеп болды.
Дәулетмұрат Тәжімұратов облыс тұрғындары алдында сөз сөйлеп, түзетулердің қабылдануына жол бермеуге шақырды. Жиыннан кейін қауіпсіздік күштері оның үйіне басып кіріп, белгісіз бағытқа алып кеткен. Жергілікті тұрғындар жаппай шерулерге Тәжімұратовтың ұрлануы себеп болғанын айтады. Расталмаған мәліметтер бойынша, белсенді көрші Хорезм облысында қамауда, ол дене жарақатын алған болуы мүмкін.
Қарақалпақстандағы бағынбаушылық әрекеттері нәтижесінде Ташкенттің мәліметі бойынша 18 адам қаза тапты: оның 14-і бейбіт тұрғын және 4 қауіпсіздік қызметкері. Алайда бейресми мәлімет бойынша қаза тапқандар әлдеқайда көп, жараланғандар саны да жүзге тартады. Қарақалпақстанда наразылық шерулері басталғаннан кейін интернетке кіруге шектеу қойылды, өзбек оппозиционерлерінің айтуынша, жаппай қуғын-сүргін жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық