Өзбекстан елшісі: Нүкістегі тәртіпсіздіктер сыртқы күш әсерімен ұйымдастырылған
Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев Нүкісте ұсталған шетелдік азаматтар туралы және олардың алаңда «тектен-тек жүрмегенін» айтты.
Шенеуніктің айтуынша, Қарақалпақстанда болған жаппай тәртіпсіздікті сыртқы күштер ұйымдастырған. Нақты қай елдің азаматтары екенін тергеу құпиясына байланысты елші атамады.
— Жауапты органдар жүргізген алдын ала зерттеу нәтижесінде Нүкісте орын алған тәртіпсіздіктер сыртқы күш әсерімен ұйымдастырылғанын айта кету керек. Оқиғалар кездейсоқ орын алған жоқ және алдын ала дайындалған, - деді елші елордада өткен баспасөз жиыны кезінде.
Сонымен қатар, елші Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында қалып қойған қазақстандықтар туралы да айтты.
— Біз соңғы күндері, 3-і мен 5 шілде аралығында, Қазақстан Республикасының өткізу пунктінде қалып кеткен азаматтарды шығардық, олар өз елдеріне оралды. Ол жерде әйелдер де болды, сыртқы істер министрлігі мен Самарқандағы ҚР Бас елшілігі жақсы жұмыс істеді, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық