Өзбекстан билігі әлеуметтік желілерді бұғаттап, қайта ашты
3 қараша кешкі уақытта Өзбекстан билігі бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге шектеу қойды, олар: TikTok, Twitter, «ВКонтакте» және Skype, ал Telegram, Facebook, «Одноклассники» және басқаларын өшіріп тастаған.
Сонымен қатар, Google компаниясына тиесілі YouTube видеохостингіне де шектеу қойылған болатын. Бұғаттау себебі - өзбекстандықтардың дербес деректерін елден тыс жерлерде сақтау және өңдеу.
Дегенмен, арада үш сағат уақыт өткен соң желілер мен мессенджерлерден шектеу алынды. Елдің қадағалау органының басшысы әлеуметтік желілерге қол жетімділіктің келісілмеген шектеулеріне байланысты міндеттерін орындаудан шеттетілді.
Өзбекстан премьер-Министрінің өкімімен ақпараттандыру және коммуникация саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция бастығы Зияев Голибшер ойластырылмаған әрекеттері үшін қызметінен шеттетілді.
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзода Асадовтың айтуынша, Шавкат Мирзиёев «біржақты, соңына дейін ойластырылмаған» әрекеттер туралы біліп, әлеуметтік желілерді шұғыл түрде ашуды тапсырған.
Желілер әлемдік қоғам 25 қараша күні қайта сайланған президент Шавкат Мирзиёев цензураны күшейтті деген шешім шыққанға дейін қайта ашылып, жұмысын жалғастырды.
Өзбекстандық азаматтар YouTube видеохостингінен басқа желілердің барлығы істеп тұрғанын айтады.
Бір қызығы, жеке деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізілімінде 3 қарашада өшірілген әлеуметтік желілер мен мессенджерлер туралы ақпарат жойылған.
«Тыйым салынған» әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің тізімі Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізілімінде орналастырылған еді. Алайда, қазіргі уақытта ол жерде Өзбекстанда 2 шілдеден бастап жұмыс істеуді тоқтатқан Wechat, ВКонтакте, Twitter, Skype және TikTok қана тұр.

Кеше енгізілген желі атаулары қайта өшірілген. Ол жер орны бос кестелер мен «Cheklov mavjud emas» жазуы тұр. Ол өз кезегінде «Ешқандай шектеу жоқ» деген мағынаны береді.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық