Zara мен Oysho қазақстандағы жеке кәсіпкерді сотқа берді
Фото: elements.envato.com
Жеке кәсіпкер өз бутигінде Zara және Oysho маркалармен киімдерді заңсыз сатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жоғарғы сот мәліметтеріне қарасақ, бутик иесі Zara және Oysho брендтері бар киімдерді белгілі бір сатушыдан көтерме бағадан төмен бағамен сатып алған.
Кейінірек кәсіпкер бұл тауарларды өзінің бутигінде сатылымға шығарды. Ол брендтік өнімдердің аналогтарын сату үшін лицензия мен рұқсат қажет екенін білмеген.
Қазақстандағы Zara және Oysho брендтері иесінің өкілдері осы брендтермен басқа біреу сауда жасайтынын білгенде, кәсіпкерді сотқа берді.
Алдымен ол «тауар белгісін заңсыз пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, бутиктен екі миллион теңге тұратын 117 киім тәркіленді.
Сот жеке кәсіпкердің азаматтық айналымда Zara және OYSHO тауар белгілерін рұқсатсыз пайдаланғанын ескере отырып, компанияның талабын қанағаттандырып, жеке кәсіпкерден компанияның құқығын бұзғаны үшін 2 миллион теңгеден астам өтемақы өндірді және жеке кәсіпкерге әлеуметтік желідегі жарияланымдарын өшіру тапсырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық