Запорожье АЭС-інде соңғы энергоблок тоқтатылды
Сурет ашық дереккөзден
11 қыркүйекке қараған түні Запорожье АЭС-інде соңғы энергоблок тоқтатылды. Украиналық «Энергоатом» компаниясының мәліметінше, станция толығымен электр желісінен ажыратылған.
«Қазір оны салқындатып, тоқтатылған күйге көшіруге дайындық жүріп жатыр» дейді компания өкілдері.
Алтыншы энергоблок соңғы үш тәулікте аралық режимде жұмыс істеп тұр, ол тек 114-тен 140 МВт-қа дейінгі өте төмен қуат деңгейінде ЗАЭС-тің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бұл Запорожье атом электр станциясын Украинаның энергетикалық жүйесімен байланыстырып тұрған желілерін снарядтартардың құртып жатқанына байланысты.
«Кеше түнде осы байланыс желілерінің бірінің жұмысын қалпына келтіргеннен кейін Украинаның энергетикалық жүйесі арқылы ЗАЭС-тің өз қажеттіліктерін электрмен жабдықтау мүмкіндігі туды. Сондықтан № 6 энергоблокты өшіріп, электр энергиясын беру туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім бойынша ең қауіпсізі - суытып, өшіру» деп жазады «Энергоатом».
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бір күн бұрын Запорожье атом электр станциясында оқ ату салдарынан ядролық апат қаупінің айтарлықтай артқанын хабарлады.
Еске салайық, Запорожье АЭС 2022 жылдың наурыз айының басынан бері Ресейдің бақылауында. Содан бері ресейлік әскери күштер де, украиндық қызметкерлердің көпшілігі де станция аумағында қалып, нысанның жұмысын жалғастыруда.
ЗАЭС Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы болып саналады, ол дәстүрлі түрде Украинаның электр энергиясының қажеттілігінің 20 пайызын қамтамасыз етті. Ресей мен Украина бір-бірін станция маңындағы аумақты атқылады деп айыптайды, ал әлем көшбасшылары ядролық апат орын алуы мүмкін деп қауіптенуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық